RU
Асырап алған балаларын аяусыз сабаған әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар Қоғам

Асырап алған балаларын аяусыз сабаған әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының тұрғындары асырап алған үш бала, жаңа отбасындағы алғашқы күндерінен бастап-ақ зорлық-зомбылық көрді. Олардың ауыр жағдайға тап болғанын байқаған көршілері бірден полицияға жүгінген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

4 жастағы ер бала мен 6 және 7-дегі қыздар Нүркен ауылына жаңа отбасы тауып қуанып келген. Алайда, оларды бір жыл бұрын асырап алған ата-анасы балалар арман еткен бақытты өмір сыйлауға да тырыспаған көрінеді.

Ерлі-зайыптылар негізсіз ұрыса жөнелгенінен бөлек, балаларды жойқын соққы астына алуды әдетке айналдырып алған. Балалардың көкала қойдай болып жүретінін көршілері мен мектеп мұғалімдері де растап отыр. Олардың айтуынша, балалар зорлық көрсе де ата-анасының әрекеттері жайлы ұзақ уақыт бойы тіс жармай келген.

Тек кішкентай қыздары ғана мектеп мұғаліміне басынан өткенді айтып беруге бел буыпты. Нәтижесінде аяусыз сабалған балақайларға жанашыр болғандар полицияға барлық мән-жайды хабарлаған.

Тәртіп сақшылары мәселе бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда балаларды асырап алған адам өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспейді.

Балалар енді қайтадан мемлекет қарауына өтті. Мәселенің анық-қанығы тергеу жұмыстары барысында шешілуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір