RU
Армения президенті үкімет отставкасын қабыл алды
Жаңалықтар Әлемде

Армения президенті үкімет отставкасын қабыл алды

Рассказать Вконтакте

Ел басшысы Армен Саркисян үкіметтің отставкаға кету туралы шешімін қабыл алды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: © Sputnik

фото: © Sputnik

Армения президентінің ресми сайтындағы мәлімдемеде бұл қадам Конституцияның 130 бабы бойынша жасалғаны айтылған. Заңдылыққа сәйкес, үкімет премьер-министр артынан отставкаға кетеді.

Айта кетейік, Серж Саргсян көшеге шыққан наразы халықтың қалауын орындап биліктен кеткен болатын.

Үкімет басшысының қызметін уақытша тағайындалған бірінші вице-премьер Карен Карапетян орындайды.

Оппозиция қозғалысының басшысы Никол Пашинянның айтуынша, жаңа премьер-министр жақын арада тағайындалуы керек.

"Бұдан кейін уақытша үкімет құрылып, кезектен тыс парламент сайлауы болады", - деп толықтыра кетті ол.

Пашинян қамауда отырғандарды босату жөнінде Карен Карапетянмен келісімге келгеннін айтты.

Өз дегеніне жеткен Ереван тұрғындары бір-бірін құттықтап, Республика алаңына жеңіс шеруіне шықты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір