RU

Ұсқынсыз адамдардың мол табысқа кенелетіні рас па?

Ұсқынсыз адамдар табысқа кенелу көрсеткіші бойынша көріктілерді басып озады. Массачусетс штатының және Лондондағы экономика мектебінің америкалық, британиялық ғалымдары осындай тоқтамға келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен. Көрнекі фото: Fishki
Бойжеткен. Көрнекі фото: Fishki: UGC

Зерттеу барысында 20 мыңнан астам адамның 16-29 жас аралығындағы өмір белестері сарапқа салынып, олардың көріктілігіне баға берілген.

Нәтижесінде адамның көркі оның табысына да әсер ететіні анықталыпты. Яғни адам неғұрлым ұсқынсыз болса, оның табысы соғұрлым жоғары болған.

Алайда өзге зерттеуші ғалымдар бұл тұжырымның дұрыстығына күмән келтіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728358-skynsyz-adamdardy-mol-tabyska-keneletini-ras-pa.html