RU

Бес минутқа ваннада жалғыз қалған бес айлық нәресте суға батып кетті

Омбының Кировский округінде бес айлық нәресте ваннаға батып, көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нәресте. Көрнекі фото: fakty.ictv.ua
Нәресте. Көрнекі фото: fakty.ictv.ua: UGC

Қайғылы жағдай нәрестені шомылдыру кезінде болған. Сәбидің ата-анасы бес минутқа нәрестені ваннада жалғыз қалдырып, салдарынан бала суда тұншығып қалған.

Ата-анасы баланы бастапқыда өздері құтқармақ болып, нәтиже болмағасын жедел жәрдем шақыртады. Алайда нәрестеге дәрігерлер де көмектесе алмады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728363-bes-minutka-vannada-zalgyz-kalgan-bes-ajlyk-nreste-suga-batyp-ketti.html