RU
Тәжік қыздары қысқа киюге тыйым салған билікке пысқырмайтын болып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Тәжік қыздары қысқа киюге тыйым салған билікке пысқырмайтын болып шықты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда әйелдер қалай киінуі керектігі туралы кітап сатыла бастады. Мәдениет министрлігінің шенеуніктері дайындаған "Әйелдер мен қыздардың киімдеріне кеңестер" деп аталатын кітапта қысқа юбка, декольте және ашық-шашық киім киюге болмайтыны жазылған деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәжік қыздары қысқа киюге тыйым салған билікке пысқырмайтын болып шықты

Тәжік қыздары қысқа киюге тыйым салған билікке пысқырмайтын болып шықты

"Настоящее время" тілшісі жүргізген сауалнама Тәжікстандағы әйелдердің бұл кітапты қабылдамайтынын көрсетті. Кімнің қалай киіну керектігіне ешкімнің шаруасы болмауы керек деп есептейді олар. Үш жүз тиражбен шыққан кітапты ешкім оқымаған, қайдан алуға болатынын да білмейді. Оның үстіне, 12 долларға бұл кітапты ешкім сатып алғысы келмейді.

"Мен кеңестерді тыңдаймын, бірақ өз қалауыммен киінемін", - деді сауалнамаға қатысқан әйелдердің бірі. "Юбканың қысқалығынан басқа да маңызды мәселелер жетерлік", - дейді тағы бір тұрғын.

"Әйелдер мен қыздардың киімдеріне кеңестер" кітабы 365 беттен тұрады. Мұнда жеті жастан бастап жетпістен асқан әйелдерге дейін қалай киіну керектігіне қатысты суреттер басылған. Кітапта киімдер ұлттық және күнделікті киімдер, театрға немесе қонаққа барғанда киілетін киім, оқу мен жұмыс киімі, үйлену киімдері болып бөлінеді. Мұнда үйдегі әйелдің қалай киіну керектігіне қатысты кеңестер де айтылған.

Модельер Хуршеда Сатторованың пікірінше, бұл кітапты жазуға киім дизайнерлерін шақырғанда, оны қыз-келіншектер қызыға оқыған болар еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel