Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік лейтенант жалаңаш студентті видеоға түсіріп, ақша бопсалаған

Опубликовано:

Шымкентте 25 жастағы аға лейтенант ақша бопсалағаны үшін сотталып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоға түсіру. Фото: youtube.com
Видеоға түсіру. Фото: youtube.com: UGC

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қыркүйегінде ер адам кәмелет жасқа толмаған студент қыздың дене шынықтыру сабағына киімін ауыстыру үшін көлікте жалаңаштанған сәтін видеоға түсіріп алады.

Кейін лейтенант видеоны желіге жүктейтінін айтып қорқытып, бойжеткеннен ақша бопсалаған.

Қылмысы әшкере болған азамат 3,5 жылға бостандығын шектеу және жылына 240 сағат қоғамдық жұмысқа тартылу жазасына кесілді. Ол сонымен қатар қызметтік атағынан да айырылған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728383-symkenttik-lejtenant-zalaas-studentti-videoga-tsirip-aksa-bopsalagan/

pixel