RU
ОҚО-дағы жантүршігерлік апаттан 21 жастағы жүргізуші аман қалды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-дағы жантүршігерлік апаттан 21 жастағы жүргізуші аман қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО Сайрам ауданы Ақсукент ауылында жантүршігерлік үш бірдей көлік соқтығысқан жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

сайрам

Жол-көлік апаты. Фото: nur.kz

Тəуке хан көшесінде аурухана маңында ВАЗ 210999 бен LADA Priora соқтығысып қалған. Куəгерлердің айтуынша, ВАЗ-дың жүргізушісі айналма жолдан Ақсукенттің орталығына бара жатып рұқсат етілген жерден бұрылмақ болған. Бірақ қарама-қарсы бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқан LADA Priora-ны байқамаған.

Нəтижесінде Priora оң жақ қапталдан ВАЗ дың алдынан кеп соғады. Рөлге ие бола алмаған LADA жүргізушісі қоршауға соғылып, көлік бірнеше рет аударылған.

Мұның барлығы сол маңдағы бейнекамераларға түсіп қалыпты. LADA Priora-ның бірнеше рет аударылуы салдарынан көліктің бір бөлігі мен бетонды фундаментті темір қорғанның бөлшектері жан жаққа шашыраған. Сөйтіп қарама-қарсы бетте келе жатқан Mercedes Benz көлігіне келіп тиеді.

ОҚО-да

ОҚО-да

LADA Priora жүргізушісін ауыр халде жедел жəрдем көлігі ауруханаға алып кетті.

"21 жастағы жүргізушісі ауыр халде ауруханаға түсіп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Миы шайқалған, аяқ-қолы сынған. Ашық бас ми жарақатын алған," - дейді Сайрам аудандық Орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Бахадүр Павланов.

Ал Mercedes Benz пен ВАЗ 21099 көлігіне аз ғана материалдық шығын келген. LADA Priora жөндеуге жарамсыз. Жол полициясы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір