RU
Күйеуінен бөлек тұратын отандық спортшы қиналып жүргенін жасырмады
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінен бөлек тұратын отандық спортшы қиналып жүргенін жасырмады

Рассказать Вконтакте

Азия ойындарының жүлдегері Анна Алябьева өзінің тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті. Ол күйеуімен екі бөлек қалада тұрып жатқаны мен араларында орын алған кикілжіңдер жайлы жасырмай айтты деп хабарлайды comode.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандық гимнаст қыз күйеуімен арадағы қиыншылықтарды ашып салды

Қазақстандық гимнаст қыз күйеуімен арадағы қиыншылықтарды ашып салды

Былтыр ғана өзінен 13 жас үлкен ер азаматқа тұрмысқа шыққан Анна Алябьева өзін нағыз бақытты әйел сезінген. Алайда бір жыл өте сала ерлі-зайыптылардың арасы суи бастапты.

Гимнаст қыз жүктілігі мен одан кейінгі уақытта сүйіктісінің қолдауына зәру болғанын айтып, ренішін жеткізген.

Танымал гимнасттың айтуынша, ол әрбір тұрмыстағы әйелдің басына түсетін мәселеге тап болыпты. Отбасында тұңғыш сәбидің пайда болуы бұл шаңыраққа елеулі өзгеріс әкелгендей.

Өзінің отбасында болып жатқан күрделі мәселені Анна Алябьева Instagram желісінде өз оқырмандарымен бөліскен.

"Әйел адам ана болуға тез бейімделіп кетсе, ер адамдарға әкелікті қабылдау үшін біраз уақыт керек екенін түсіндім. Оған қоса, үйде орын алған келіспеушіліктерді дау-дамайсыз, сабырлықпен шешуге үйрендім. Біздің отбасымызды сақтап қалуға әрқашан мүмкіндік бар. Оған бала туылғаннан кейінгі уақытта осындай мәселеге тап болған басқа да ерлі-зайыптылар лайықты", - деп айтты Анна.

Бүгінгі күні танымал гимнасттың өмірі үш қалаға бөлінген. Ұлы екеуі Астанада тұрақтаса, жұмыс бабымен Шымкентке жиі ұшып тұрады.

Ал күйеуі болса Алматы қаласында жұмыс істеп, сонда тұрады. Мұның өзі де жұбайлар арасындағы сезімге сызат түсірсе керек.

Фото: comode.kz

Фото: comode.kz

Аннаның айтуынша, отбасының екі бөлек тұруы өте ауыр әрі дұрыс емес. Ол ұлының толыққанды жанұяда өскенін қалайды.

Сол себепті болашақта арадағы қиыншылықтар еңсеріліп, кедергі келтіруші мәселелер шешіледі деген ниет білдіріп отыр.

Айта кетейік, статистикаға сүйенсек Қазақстандағы ең көп ажырасу Алматы облысында екен. Бұл аймақта 3703 ажырасу тіркелген.

Ал, керісінше ең көп неке қиылған облыс - Оңтүстік Қазақстан (11279 неке). Екінші орында қиылған 9278 некемен Алматы қаласы тұрақтаған. Үшінші орын Алматы облысының еншісіне бұйырды. Мұнда жаңа 8034 отбасы құрылған. Елорда тек төртінші орынды иеленді. Астанада 2017 жылы 6034 жаңа жанұя пайда болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
4
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір