RU
Шатасып кеткен дәрігер басы жарақаттанған науқастың аяғын тесіп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Шатасып кеткен дәрігер басы жарақаттанған науқастың аяғын тесіп тастады

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Дели қаласындағы мемлекеттік аурухана дәрігері үлкен қателікке бой алдырды. Маман емделушілерін шатастырып алып, бас жарақаты бар адамның аяғына ота жасап тастаған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.com

Фото: dailymail.com

Дәрігер жол апатында бас жарақатын алған емделушінің сап-сау аяғына операция жасаған. Аурухана басшысының айтуынша, ота наркоз қолданылып жасалғандықтан емделуші дәрігерге қателік орын алғанын ескерте алмапты.

Орын алған қателік анықталғаннан кейін, емделушіге қайта ота жасалған. Мамандар алғашқы операция кезінде аяққа орнатылған сұққышты қайта шығарып алды.

Қателікке бой алдырған медицина қызметкеріне қатысты арыз түсірілмеді. Емделуші оның жағдайына түсіністікпен қараған.

Алайда, енді дәрігер өз оталарын тек қана аурухана басшылығының қатысуымен ғана жасайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel