Пенсильвания штатындағы Бригам Янг университетінің ғалымдары некеде 20 жыл болғандар бақытты кезеңге аяқ басатынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу барысында олар екі мың адамның некесіндегі әр кезеңді сараптап шыққан. Зерттеуге 35-37 жастағы ерлі-зайыптылар таңдалды.
Нәтижесінде некедегі алғашқы 20 жылы ерлі-зайыптылардың көңілінен шықпаса да, одан кейінгі кезеңде олар өздерін бақытты сезіне бастайтыны анықталған.
"Неке неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым бақытты болады", - дейді ғалымдар.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728420-nekedegi-e-bakytty-keze-anyktaldy.html