RU
БҚО-да себепсіз талып қалған балалардың неден уланғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да себепсіз талып қалған балалардың неден уланғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Березовка елді-мекенінде талып қала берген балалардың неден уланғаны үш жарым жылдан кейін белгілі болды. Мәскеуде жүргізілген экспертиза "токсикалық энцефалопатия" диагнозын қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Токсикалық энцефалопатия - бас миының зақымдануы. Ол организмге енген зиянды химиялық заттар есебінен пайда болады.

Зерттеу жұмыстары Мәскеудегі Семашко атындағы көне балалар диагностикасының орталағында жүргізілді.

Зардап шеккен балалардың ата-аналары бұл улануды Қазақстанда дәлелдей алмай әлек.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс БҚО-дағы Бурлин ауданының сотымен екі мәрте жабылып тасталынған болатын.

"Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В." халықаралық консорциумы 2015 жылы балалардың мұнай компаниясының кесірінен талып қалғанын жоққа шығарады.

Березовка тұрғындары балалардың әлсіреп талып қалуына орай бұл мұнай мекемесіне алғашқы арыздарын 15 жыл бұрын білдірген. Нәтижесінде олар жер аударылды.

Crude Accountability құқық қорғау мекемесі маманының айтуынша, бастапқыда ауыл әкімшілігі тұрғындарды балалардың талып қалуын әдейі жасалған қойылымға теңеп, бұл ата-аналардың қомақты қаражатқа иеленудің әрекеті деп санаған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір