RU
Тоғыз баланың әкесі күтпеген жерден белсіз екенін біліп қойды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тоғыз баланың әкесі күтпеген жерден белсіз екенін біліп қойды

Рассказать Вконтакте

Мароккодағы Сиди-Слиман қаласында тұратын профессор 35 жылдық некесінде дүниеге келген тоғыз баласының да өзінікі еместігін біліп қойды. Ер адам мүлде белсіз болып шыққан. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әке. Көрнекі фото: pixabay.com

Әке. Көрнекі фото: pixabay.com

Медициналық тексеріс барысында жастайынан белсіздікке ұшырағанын біліп қойған азамат бұған сене алмаған.

Алайда өзге емханалар да бұл диагнозды растап, оның соңғы елу жылда балалы болуы мүмкін болмағанын алға тартады.

Бұл жайттан есеңгіреген азамат көзіне шөп салып келген әйелімен ажырасып тынды. Ол тіпті барлық тоғыз баласынан бас тартып, тегін қайтарып алуға ниетті.

Сот ер адамның тоғыз баланың әкесі еместігін растап, әйелді кінәлі деп тапты. Мароккода көзге шөп салған әйелдерді әдетте бас бостандығынан айырады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
6
23
14
1
9
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір