RU
Сағынтаев Шөкеевке: Елбасы мен халықтың алдында тағы ұятқа қалмайық
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаев Шөкеевке: Елбасы мен халықтың алдында тағы ұятқа қалмайық

Рассказать Вконтакте

Қазақстан үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев алдағы он жылға әзірленген мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бір кісідей жұмылуға шақырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағынтаев Шөкеевке: Елбасының алдында тағы да ұятқа қалмайық

Сағынтаев Шөкеевке: Елбасының алдында тағы да ұятқа қалмайық

"Ауыл шаруашылығының дамуы қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Елбасы өз сөзінде экономика өсімінің драйвері ауыл шаруашылығы болуы тиіс екенін айтқан болатын. Оның ішінде маңыздысы – етті мал шаруашылығы. Сол себептен бұл жұмысқа барлығымыз бір кісідей күш салып, кірісуіміз керек", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр бұған дейін мал шаруашылығы саласында орындалмаған міндеттерді еске салды.

Осы орайда Сағынтаев бүгінгі бағдарламада жоспарланған шараларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен тағы бір мәрте пысықтап алуды тапсырды.

"Үлкен тапсырма, міндет қойылып отыр. "Аспандағы құсты ұятқа қалдыратын жердегі жем" дейді, сол себепті үлкен тапсырманы орындау барысында Өмірзақ Естайұлы, (ауыл шаруашылығы министрі – ред.) елбасы мен халықтың алдында тағы да ұятқа қалмайық. Бақылау сізде", — деп тапсырды премьер.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
7
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір