RU
Үстіне ит құлап түскен қытайлық азаматша есінен танып қалған (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Үстіне ит құлап түскен қытайлық азаматша есінен танып қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Гуанчжоу қаласында бойжеткеннің үстіне кенеттен ит құлап кеткен. Қатты соқтығысу салдарынан ауыр жарақат алған қыз бірден ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Оқиға көшенің бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі әйелдің ғимаратқа кіріп бара жатқаны көрінеді.

Есікке жақындап қалған сәтте арттағы бойжеткеннің үстіне жоғарыдан ұшып кеткен ит құлап түсті. Нәтижесінде қыз есінен таңып қалды. Бұл жағдайдың себепкері болған ит бірден оқиға орнынан табан жалтартқан.

Зардап шеккен қыз дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның басы мен мойыны қатты жарақат алған дейді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында, итттің иесін іздестіріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel