RU
Неймардың мадридтік "Реалға" өтетінін естіген Месси ашуға бой алдырды
Жаңалықтар Әлемде

Неймардың мадридтік "Реалға" өтетінін естіген Месси ашуға бой алдырды

Рассказать Вконтакте

"Барселона" жұлдызы Лионель Месси өзінің бұрынғы командаласы Неймарға мадридтік Реал қатарына қосылмауға кеңес берді. Бразилиялық футболшының басты қарсыластар құрамына өту туралы ойы Мессиді ашуға бой алдырса керек деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Пари-Сен -Жермен" футболшысы Неймардың франциялық чемпионатта іші пысқан көрінеді. Ол өз болашағын бұл командамен байланыстырғысы келмей қалғандықтан, бразилиялық аяқдопшы өзге клубқа өтуді ұйғарған. Оған негізгі үміткерлер қатарында "Реал Мадрид" клубы да бар.

Осыған орай Неймар өзінің жақын досы Мессиден кеңес сұрамақ болды. Нәтижесінде аргентиналық футболшы досының "Барселонаның" басты жауының сапына өтуге ниетті екенін білгенде қатты ашуланған. Ол Неймарға мадридтік Реал құрамына көшсе, оны кешіре алмайтынын айтты.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Оның орнына Месси бразилиялық шабуылшыға "Манчестер Юнайтед" қатарына қосылу анағұрлым жақсы шешім болатынын түсіндірді.

Айта кетейік, франциялық чемпионаттан мезі болған Неймар өз агентіне басқа команда қарастыруын бұйырған. Бразилиялық жұлдыз үшін қомақты қаражатты төлеуге дайын клубтар арасында "Реал Мадрид" топ жарды. Дегенмен футболшы әлі де нақты шешім қабылдай алмай жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір