RU
Маңғыстау облысында өгей ұлын пышақтап өлтірген әйел 15 жылға сотталып кетті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында өгей ұлын пышақтап өлтірген әйел 15 жылға сотталып кетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында өгей ұлын өлтірген әйел 15 жылға сотталып кетті деп хабарлайды ИнАктау сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстау облысында өгей ұлын пышақтап өлтірген әйел 15 жылға сотталып кетті

Фото: ИнАктау

Маңғыстау облысында өгей ұлын бірнеше жерден пышақтап өлтірген әйел 15 жылға сотталды. Сотқа қайтыс болған 16 жастағы жеткіншектің туған анасы мен баланың әкесі де келген.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған жасөспірімді жиырма жерден пышақтап өлтірген әйел ҚР ҚК 99-бабы 2-тармағы "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бойынша сотталды.

Маңғыстау облысында өгей ұлын пышақтап өлтірген әйел 15 жылға сотталып кетті

16 жастағы жасөспірім

Баланың туған анасы сот үкімімен толықтай келісіп, шешімге қанағаттанғанын айтуда. Алайда баланың әкесі шешімнің тым қатал екенін және онымен келіспейтінін кесіп айтты. Себебі енді екінші әйелінен туған төрт баланы асырау оның мойнына ілінген. Балалардың бірі - мүгедек, дейді әкесі.

Еске салсақ, қаңтар айында Маңғыстау облысының тұрғыны өгей ұлын жиырма жерден пышақтап өлтіріп, оның денесін сарайға қамап қойған еді. Алғашқы сот отырысында баланың туған анасы әйелдің ұлына жеті жыл бойы күн бермегенін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel