RU
Жұрт жаздың келуін күтіп жүргенде Ақтөбеге қар жауды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жұрт жаздың келуін күтіп жүргенде Ақтөбеге қар жауды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін таңертен Ақтөбе облысында көктем айы болып жатқанына қарамастан қар жауды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Инженер-синоптик Индира Қаниеваның айтуынша, облыс аумағында ауа температурасының жылыдан суық көрсеткішке тез ауысуы байқалып отыр. Алайда мұндай құбылыс тек екі күнге ғана созылмақ.

Оған қоса, алдағы уақытта жаңбырлы ауа-райы белең алады. Күндіз 5-10 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы -2-ге дейін төмендейді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауа-райының бұзылуы бәрінен де бағбандардың көңілін түсірген. Қолайсыз ауа-райы олардың өсіріп отырған дақылдарына кері әсер етпек.

Ақтөбелік бағбан Светлана Семенова мұндай ауа-райы оның еккен ағаштарына елеулі түрде қауіпті болады дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір