RU
Министр "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Министр "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жеңіс Қасымбек

Жеңіс Қасымбек

"Ұлттық банк бір-екі ай ішінде "7-20-25" бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды", - деqді министр.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, "Нұрлы жер" мен "7-20-25" бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті.

"Нұрлы жерге" өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа "7-20-25" бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. "Нұрлы жер" жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады", - дейді министр.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 пайыздан аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір