RU
Қыздарға обал болды: Қарағандыда денесі көгерген балақайлар жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қыздарға обал болды: Қарағандыда денесі көгерген балақайлар жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында мектеп басшысы ағайынды екі қыздың денесінен көгерген іздерді байқап, өгей анасынан күдіктенген. Қазір балаларды ұрды деп айыпталған ананың ісі қаралып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Денесі көгерген балақайлар

Денесі көгерген балақайлар

Нүркен Әбдірів ауылының тұрғынынан өгей қыздарын ұрғаны жайлы әңгіме өрбіткенде, ол өз ісін мойындамаған.

"Біз жиын өткізіп, қыздардың өгей анасымен сөйлестік. Ол өзінің ұрмайтынын, кіші інілерінің ойнап ұратынын айтты. Осыдан соң қыздардың денесінен біразға дейін көгерген іздер жоғалды. Бірақ ұзамай ол оқиға қайталанды. Қыздардың ұстазы маған шағым айтып келді. Мен осындай жағдайда не істеуім керек? Ол дәрігер болғандықтан, бәрінің күні түседі. Бірнәрсе айтуға қорқады. Мен өзім бардым. Алайда ол енді қыздар "мектепте таяқ жеді" деп жала жабуда", - деді мектеп басшысы Қымбат Жиенқұлов.

Мектеп басшысының бұл ісін ауыл тұрғындары да растап отыр.

Денесі көгерген балақайлар

Денесі көгерген балақайлар

"Балаларды өгей анасы ұрады деп ойлаймыз. Ол 54 жаста. Баланы асырап алуға қалай бергенін де білмейміз. Өзі жақында күйеуін жоғалтты. Содан бері балалардың денесіндегі көгерген іздер де көбейді. Ұл балаға тиіспегенімен, қыздарға обал болды. Рымбала ауруханада бас дәрігер болып жұмыс істеген, бәрі одан қорқады. Мінезі де ауыр. Бірақ үнсіз отырсақ, қыздарды жазым қылары сөзсіз", - дейді көршілері.

Алайда, өгей ана өзіне қатысты айыпты жоққа шығарды.

"Менің асырап алған қыздарым мектептен денесі көгеріп келді. Оларды кім ұратынын да білмеймін. Бірнеше рет мектепке де бардым. Менен кешірім сұрады. Мектеп басшысы мен көршілер, участковый да бір-бірімен туысқан. Қайтыс болған күйеуіммен бірге осы балаларды асырап алуға үш жылымызды жұмсадық. Қазір оларды балаларды бейімдеу орталығына алып кетті. Бірақ балаларымды қайтару үшін бәрін жасаймын" , - дейді Рымбала Ескендірова.

Айта кетейік, Қарқаралы ауданының ішкі істер департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
1
3
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel