RU
Бізді ұмытты: Ресейліктер өздерін Қазақстанға қосуды сұрап отыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Бізді ұмытты: Ресейліктер өздерін Қазақстанға қосуды сұрап отыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Омбы қаласының маңындағы Дувановка ауылының тұрғындары өздерін Қазақстанға қосуын талап етіп отыр. Айтуларынша, ауыл деген аты болмаса, елдімекенде су, жол, тіпті, мектеп те жоқ екен деп хабарлайды Настоящее времяға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Настоящее время

Фото: Настоящее время

Ресейдің Омбы қаласынан Дувановка ауылына дейін 140 шақырым екен. Ал ауылға кірер тұстағы жолдың жағдайы тіптен мүшкіл дейді ауыл тұрғындары.

"Жолдың 17 шақырымында асфальт төселмеген, ол жолмен тек балшық құрғаған кезде немесе жер қатқан сәтте ғана жүре аласың. Аулымызда жол, су, дүкен, тіпті мектеп те жоқ. Бізді билік осылай ұмыт қалдырды", - деп кейіді ауыл тұрғындары.
Фото: Настоящее время

Фото: Настоящее время

Ал Дувановка мен Қазақстан арасындағы ара қашықтың бар-жоғы 1-1,5 шақырымды құрайды екен.

"Кейде ойлап қоямыз, бізді мүмкін көршілес Қазақстанға, Назарбаевқа қосқан дұрыс па деп? Бәлкім ол жақта жағдайымыз оңалатын шығар. Себебі, жергілікті билікке айта-айта қажыдық. Ауылымызда 50-ден астам үй бар, балалар бізден 17 шақырым жерде орналасқан мектепке сабаққа барады.
Пошта да мардымды істемейді. Ал төтенше жағдайларда келіп жететін мамандардың бізге уақтылы жетуі тіптен екіталай. Жақында ғана Леоновтардың қорасы өртенген еді, өрт сөндірушілер келгенше, қора-қопсының түгі қалмады", - деп қынжылды ауыл тұрғындарының бірі.
Фото: Настоящее время

Фото: Настоящее время

Әзірге Дувановка ауыл тұрғындарының аталған ұсынысының қаншалықты маңызды екені беймәлім. Тек ресейліктер осы арқылы жергілікті билікке аз да болса ықпал етіп, ауылдың жағдайын жақсартсақ дейді.

Сондай-ақ олар ауылда дүкен жоқ болғандықтан, ара кідік Қазақстанға азық-түлік алу үшін барып тұратын едік дейді. Бірақ, бүгінде шекара жабық болғандықтан, ресейліктер көрші елге де аяқ аттамайтын күйге жетіпті.

Фото: Настоящее время

Фото: Настоящее время

Алайда ауыл тұрғындарының жан айқайы Ресей билігіне жетпеген сыңайлы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
4
2
11
3
51
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір