RU
Елдің бәрі үмітін үзген науқас сәби өмірі үшін жанталасуда (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Елдің бәрі үмітін үзген науқас сәби өмірі үшін жанталасуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Ангияның Ливерпуль қаласында екі жасар Альфи Эванс өзінің өмірі үшін он сағат бойы күресіп жатыр. Оны сот шешімі бойынша жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратып тастаған. Бұл туралы баланың әкесі Facebook парақшасында айтқан деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Альфи Эванс осымен бір жыл бойы белгісіз нейродегеративті дерттен айыға алмай жүр. Ол тек жасанды тыныс алу аппаратының арқасында ғана өмір сүруді жалғастырған.

Алайда Ұлыбритания соты бала емдеуге келмейді деп санап, оны аппараттан ажырату туралы үкім кесті. Оның үстіне ата-анасына баласын алып кетуге рұқсат берілмеген.

Альфиді басқа жаққа алып барып емдеткісі келген ата-ана шарасыздықтан енді не істерін білмей отыр.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бұл мәселе англиялықтардың ғана емес, басқа мемлекет азаматтарының арасында үлкен резонанс тудырды. Тіпті Рим папасы да бала өмірі үшін күресуге дайын екенін айтқан. Италия мемлекеті Альфиге өз азаматтығын да ұсынды.

Алайда бұл мәселелердің ешқайсысыда баланы аппараттан ажырату шешімін өзгертуге қауқарсыз болды. 23 сәуір күні Альфи Эвансты аппараттан ажыратты.

Оның әкесі өз парақшасында ұлынан жеңіліс үшін кешірім сұраған. Бірақ аппараттан ажыратылған бала күрес аяқталмағанын білдіріп, әлі де тыныс алып жатыр.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бірақ дәрігерлер көмегінсіз баланың қанша уақытқа дейін шыдайтынын ешкім нақты айта алмайды. Дәл осындай ауруға тап болған Чарли Гард аппарат өшірілгенннен кейін көз жұмған болатын. Оның ата-анасына өлер алдында баланы алып кетуге рұқсат бермей қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
8
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel