RU
Ақмола облысында өз-өзіне қол салмақ болған қыздың кесірінен үш адам опат бола жаздады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында өз-өзіне қол салмақ болған қыздың кесірінен үш адам опат бола жаздады

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында өз-өзіне қол салмақ болған қыз көліктің рөлін бұрып қалып, машина жыраға аударылып түсті, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

иллюстрациялық фото remont-auto.com сайтынан алынды

иллюстрациялық фото remont-auto.com сайтынан алынды

Оқиға 20 сәуір күні Астана – Көкшетау тас жолында болған.

"Алдыңғы орындықта отырған жолаушылардың бірі, көлік жүріп келе жатқанда рөлді өзіне бұрып, жібермей қойған. Салдарынан Kia Sorento минивэні жыраға аударылып түсті", — деп мәлімет берді ІІД.

Көлікте жүргізушіден бөлек, тағы үш жолаушы болған. Жол апаты салдарынан 70 жастағы әйел әртүрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

"20 жастағы Көкшетау тұрғыны полицияға жеткізіліп, жауап алу кезінде өз-өзіне қол салмақ болғанын түсіндірді. Қазір бойжеткен ауруханада жатыр. Дәрігерлердің бастапқы қорытындысына сүйенсек, психикалық жағдайы бір қалыпты", — делінген хабарламада.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel