RU
Қыздығын екі миллионнан астам еуроға сатпақ болған модель ұятқа қалды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қыздығын екі миллионнан астам еуроға сатпақ болған модель ұятқа қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Пәктігін 2,3 миллион еуроға бағалап, сатпақ болған румындық модель ұятқа қалды. Кейін белгілі болғандай, ол "қыздығын" сатпаған, мұндай әрекетке бойжеткен тек өзі қызмет ететін экскорт-агенттігін жарнамалау үшін барған екен деп хабарлайды mk.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Бұған дейін 18 жастағы румын моделі Александра Кефрен аукционда 2,3 миллион еуроға өзінің қыздығын сатамын деп мәлімдеген еді. Алайда, бір жыл өткеннен кейін сәнгер өз "абыройын" сатпағанын, мұндай әрекетке тек Cinderella Escorts эскорт-агенттігін жарнамалау үшін барғанын айтты.

Сәнгердің аталған мәлімдесінен кейін агенттікке келіп, өзінің пәктігін саудаламақшы болған бойжеткендердің легі артқан екен. Агенттік басшысы Ян Закобельскийдің айтуынша, оған күніне мыңдаған ұсыныстар түсіпті. Олардың 600-ден астамы қыздығын сатқылары келсе, қалғаны аталған агенттікке жұмысқа тұрғысы келгендер екен.

Ал Александраның өзі болса жүріп жүрген жігіті болғандықтан, аталған компаниядан кетіп қалған екен.

Сәнгердің айтуынша, агенттік жетекшісі қыздарды Афиныға апарып, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті. Сондай-ақ, агенттікте жұмыс істеген қыздар күніне 8 ер адамды қабылдап отырғаны анықталған.

Олар тапқан табысының жартысын агенттікке, қалғанын өздеріне қалдырып отырған. Бүгінде заңға қайшы әрекеті әшкере болған агенттік үстінен тексеру жұмыстары жүргізіп жатқан көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір