RU
Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісін жол бойында атып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісін жол бойында атып кетті

Рассказать Вконтакте

19 сәуір күні "Ақтөбе - Орынбор" автожолының бойында тұрған КамАЗ көлігінен 52 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: gruzoperevozki-almaty.com

Фото: gruzoperevozki-almaty.com

Ақтөбе облысының ІІД-нің хабарлауынша, 1966 жылғы ер азаматтың денесі жатқан жүк көлігі "Ақтөбе - Орынбор" тас жолынан 35 шақырым жерден табылған.

Марқұмның денесінде оқ ату салдарынан көз жұмғанын білдіретін белгілер болған.

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, болған оқиғадан кейін автожолдардағы патрульдеу күшейтілмек.

Бұл мәселені құқық қорғау органдары өз бақылауында ұстап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel