RU
Ресейде абайсызда телефонын ваннаға түсіріп алған қыз тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде абайсызда телефонын ваннаға түсіріп алған қыз тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Краснояр қаласында 13 жастағы жеткіншек тоққа қосылған телефонын абайсызда су толы ваннаға түсіріп, мерт болды деп хабарлайды pnp.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Қайғылы жағдай өткен бейсенбіде орын алыпты. 13 жастағы жасөспірім қыз жуыну бөлмесінде тоққа қосылып тұрған ұялы телефонын ұстап тұрған. Қолындағы телефонын суға толы ваннаға құлатып алған ол сол жерде тіл тартпай кеткен.

Алғашында қыздарының жанұшырған дауысын естіген ата-анасы іле шала көмекке асыққанымен есікті аша алмай, әбігерге түседі. Ал, есікті бұзып ашқан бойда, қыздарының еденде жатқан өлі денесін көреді.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер қыздың әке-шешесі мен туған туыстарынан мән-жайды анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
9
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір