RU
ОҚО-да қызғалдақ фестиваліне келгендер Түймебаевтың сөзін құлағына да ілмеді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да қызғалдақ фестиваліне келгендер Түймебаевтың сөзін құлағына да ілмеді (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да Шұбайқызыл шоқысында өсіп тұрған қызғалдақтар тапталып қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото авторы: Ғани Назарбек

Фото авторы: Ғани Назарбек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында республикалық "Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы" қызғалдақ фестивалі өтті. Онда жұртшылықты табиғатты аялап қорғауға шақыру және грейг қызғалдағының маңыздылығын атап өту негізгі мақсаттардың бірі болды.

Фото авторы: Ғани Назарбек

Фото авторы: Ғани Назарбек

Фестивальге қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шұбайқызыл шоқысы еліміздің Қызыл кітабына енген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ екенін тілге тиек етіп, оны қорғау, туған жерді қадірлеу әрбір азаматтың міндеті болып табылатынын атап өтті. Тек фестиваль қатысушылары шараның мақсатын дұрыс ұғынбаса керек, бірнеше қызғалдақ аяқ астында тапталып жатты.

"Жалпы қоғамда экологиялық мәдениет пен сауаттылықты үйретпей ештеңе өзгермейді. Көзбояушылықпен өткізіп жүрген іс-шаралардың көк тиындық қадірі жоқ", - дейді фестиваль қатысушысы, туризм саласының маманы Ғани Назарбек.
Фото авторы: Ғани Назарбек

Фото авторы: Ғани Назарбек

Осы ретте айта кетейік, Қызыл кітапқа енген әрбір өсімдік Қылмыстық кодекстің 339- бабымен қорғауға алынып, айыппұл қаралған.

Өсімдікті жұлғандарға 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал зағымдаған жандарға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Фото авторы: Ғани Назарбек

Фото авторы: Ғани Назарбек

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel