RU
Жұмысқа бармаудың амалын іздеген ер адам үш адамды қасақана қағып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Жұмысқа бармаудың амалын іздеген ер адам үш адамды қасақана қағып кеткен

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Вашингтон штатына қарасты Ботелл қаласында жұмысқа барғысы келмеген ер адам көшеде жүріп келе жатқан үш адамды қағып кеткен. Эли Альдингер бұл қылығын кеңсесіне бармаудың амалы ретінде жасағанын айтты деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.com

Фото: dailymail.com

22 жастағы Эли Альдингер жұмысқа бара жатып, жайбарақат кетіп бара жатқан екі әйелді қағып, артынан тағы бір адамды басып кетпек болған. Абырой болғанда үшінші адам ашулы жүргізушіден айласын асыра алды.

"Мен жұмысымды жек көремін. Барғым да келмейді. Сол себепті мен өміріме өзгеріс енгізгім келді. Адамдарды қағып өлтіру менің ойымда болған жоқ. Тек қана сәл жарақаттамақ болғанмын", - деп айтты Эли тәртіп сақшыларына.

Полицейлер жүргізуші қанында ішімдік пен есірткі атаулысын таппаған. Оның үстіне Элидің психикалық ауруларға да шалдығып көрмегені белгілі болды. Алайда ол оқиғаға дейін үш күн ұйықтамағанын жасырмай айтты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Эли Альдингер түрмеге отыруға өзі ниет білдіріп отыр. 22 жастағы ер жігіт зардап шеккендерден кешірім сұрап, абақтыға отыруын өмірлік тәжірибе екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір