RU
Енді қазақстандықтар ауылдарға ұшақпен жетуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Енді қазақстандықтар ауылдарға ұшақпен жетуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы ішкі рейстерді кеңейту мақсатында ауылдарға ұшақпен жету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik/Владимир Первенцев

Фото: Sputnik/Владимир Первенцев

"Біздің алдымызға Ақтөбе қаласының әуежайынан ұшатын авиамаршруттарды кеңейту тапсырмасы қойылды. Қазіргі таңда біз басқа қалалар мен елдерге жаңа рейстер ашу мен кеңейту бойынша барлық авиакомпаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді де дамытумен айналысудамыз. Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге барғысы келетіндер көп. Қазіргі таңда ол жерге халық жол таңдамайтын көліктермен келеді, өйткені, біз арнайы маршруттарды әлі анықтаған жоқпыз. Ырғыздағы әуежайға жөндеу жүргізілді", — деді Османғалиев.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс ішінде тағы бірнеше әуе бағыты қарастырылуда. Дегенмен, оның бәрі жолаушылар ағынына байланысты.

Тұрғындардың ауылға ұшақпен жетуге деген қызығушылығы артқан сайын әуе тасымалдаушылар да тезірек табылмақ.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір