RU
Головкин өзін "нашар қарсылас таңдадың" деп сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Головкин өзін "нашар қарсылас таңдадың" деп сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионы Геннадий Головкин нашар қарсылас таңдадың деп өзін сынағандарға үн қатты. Боксшы өзі үшін жеңіл жекпе-жектер болмайтынын айтты деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян

Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян

"Білесіз бе, бұл өмір. Әр күн қауіпті (күледі). Бокс бұл ойын емес. Бір соққы өмірді өзгертуі мүмкін, қалжыңсыз. Әр жекпе-жек қауіпке толы. Өз басым "О, бұл әлсіз жігіт, нашар қарсылас" дейтіндерді және осы сарында әңгіме айтатындарды түсінбеймін. Олар рингке шықпайды ғой. Рингте чемпионмен бір-екі раунд тұрып көріңізші, көп нәрсені түсінесіз", - деді GGG ашық жаттығу кезінде.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес биыл 5 мамырда реванш өткізуі тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы екі рет допинг-тесттен өтпей қалды. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтып, 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.

Енді 5 мамырда Геннадий америкалық Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жек өткізіп, титулдарын қорғайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
2
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір