RU
Екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған алматылық ару Ресейге кетіп қалған
Жаңалықтар Қоғам

Екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған алматылық ару Ресейге кетіп қалған

Рассказать Вконтакте

Екі ай бұрын із-түссіз жоғалған 32 жастағы Алматы тұрғыны Ақтоты Саржанқызы Ресейге кетіп қалған. Бұл туралы Алматы қаласы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екі ай бұрын жоғалған алматылық ару Ресейге кетіп қалған

Екі ай бұрын жоғалған алматылық ару Ресейге кетіп қалған

«Ақтоты Ресейге кетіп қалды. Бұл ресми мәлімет. Ол Ресейде жүр», - деді Салтанат Әзірбек.

Дегенмен, Ресейге кеткен Қазақстан азаматының аман-есендігі, оның әрі қарай қалай іздестірілетіні, полиция осы бағытта қандай жұмыстар атқарып жатқаны жайлы әлі ешбір ақпарат берілмеді.

Тек оның айтуынша, полиция Ақтотының туыстарынан оның жоғалғаны туралы арызды 4 күн бұрын қабылдаған.

Ақтотының туысы Перизат Айғараева қыздың туғандары оның аман-есен екеніне көз жеткізгісі келетінін айтты. Туыстары Ақтотының мүлдем хабарласпай кетпеуі мүмкін емес дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel