RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жауын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жауын болады

Рассказать Вконтакте

25 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, тұман болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Фото: Comments.UA

Жаңбыр. Фото: Comments.UA
Source: UGC

Оңтүстікте дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді деп күтілуде.

Жамбыл облысында тұман, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіліп, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде найзағай ойнайды.

Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel