RU
Алматы-Талдықорған тас жолында қатты желден бірнеше көлік соқтығысты (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы-Талдықорған тас жолында қатты желден бірнеше көлік соқтығысты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы-Талдықорған тас жолында қатты желдің салдарынан төрт көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Range Rover Алматыға қарай тас жолмен келе жатқанда, оған артқы жағынан Toyota Land Cruiser соқтығысқан. Жел ауыр көліктердің өзін шайқап, шаңды дауыл жолды анық көруге кедергі келтіреді.

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Range Rover көлігінің жүргізушісі жылдамдықты азайтпақ болғанда, Land Cruiser көлігінің жүргізушісі оны аңдамай жылдамдығын түсіріп үлгермеген. Toyota соққыдан 30 метрге ұшып түскен.

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Сол арада Mercedes-Benz Vito микроавтобусы оларға келіп соқтығысып, артынан келе жатқан MItsubishi Colt көлігі Toyota көлігіне соғылады.

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция жол апатына ауа райы себеп болғанын анықтаған.

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Жол апаты. Фото: zakon.kz

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel