RU
Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін көлікпен басып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін көлікпен басып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда азаматтық некедегі әйелін қасақана өлтірген жігіт 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың желтоқсанында болған қанды оқиғаға нүкте қойылып, сот осындай үкім шығарды. деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың соңында әйелінің жұмысқа келген сәтін күтіп тұрған Аркадий Горькавый оны көлігімен соғып кеткен еді.

37 жастағы Анастасия мен 30 жастағы Аркадий 2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрған. Отбасында талай рет ұрыс-керіс болып, ер адамға екі мәрте әйеліне жақындамау туралы жазбаша ұйғарым берілген. Ал, соңғы келіспеушіліктің аяғы әйелдің өліміне әкеп соқтырды. Кінәсін мойындағысы келмеген Горькавый "көлігімнің тежегіштері істемей қалды, әйелімді өлтіретін ойым болған жоқ", - деп ақталған.

Алайда тергеу амалдары барысында оның әрекетінің қасақана жасалғаны толық дәлелденді. Көз жұмған әйелдің артында 15 жастағы ұлы қалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан, тараптар істі қайта қарауға өтініш бере алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel