RU
Торонтодағы терактінің куәсі болған қазақстандықтар қорқынышты жайтты есіне алды
Жаңалықтар Қоғам

Торонтодағы терактінің куәсі болған қазақстандықтар қорқынышты жайтты есіне алды

Рассказать Вконтакте

Торонтода он адамды көлігімен таптап өткен азаматтың әрекетіне куә болған қазақстандықтар қорқынышты жағдайды есіне алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Минивэн КТК арнасынан кадр

Минивэн. КТК арнасынан кадр

Минивэннің 25 жастағы жүргізушісі Алек Манасян он адамды таптап, тағы 15-ін жарақаттағаннан кейін қамауға алынған болатын. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны айтылмауда. Теракт жасалды деген болжам әзірге ресми түрде расталмады.

КТК арнасынан кадр

КТК арнасынан кадр

Бұл жайттың куәсі болған қазақстандықтар сол күні бәрін ғимараттарға жауып, шығармай ұстағанын айтуда. Жолдар мен метро да жабылып қалған.

Бүгінде қала бұрынғы режимге түскен. Адамдар бұрынғыша көше аралайтын болғанымен, оқиға орнынан аулақ болуға тырысады. Оқиға орны қоршауға алынған. Тергеу жүргізілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір