RU
"А-Студио" тобындағы грузин сұлуы Қазақстанды "Отаным" деп атады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"А-Студио" тобындағы грузин сұлуы Қазақстанды "Отаным" деп атады (фото)

Рассказать Вконтакте

Аты аңызға айналған, бірнеше онжылдықтар бойы посткеңестік кеңістікте сахнадан түспей, Пугачеваны мойындатқан "А-Студио" тобының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Осы мерейтойға орай, топ мүшелері NUR.KZ порталына эксклюзивті сұқбат беріп, шығармашылығы турасында әңгіме өрбітті.

А студио

Фото: "А-Студио" тобының Алматыдағы баспасөз-конференциясынан

Байғали Серкебаев бастаған "А-Студио" туған қаласының тұрғындарына естен кетпес тосынсый әзірлеуде. Олар үш күн бойы қала төрінде шоу-концерт беріп, отандастарын таңғалдырмақ ниетте. Ал грузин сұлуы Кэти Топурия болса, Қазақстан өзі үшін үшінші Отанға айналғанын да айтып қалды.

А студио

Фото: "А-Студио" тобының Алматыдағы баспасөз-конференциясынан

- Кети, Алматыдағы концерт сіз үшін қаншалықты маңызды?

Кети Топурия: Мен үшін бұл концерт - үлкен жауапкершілік. Себебі бұл біздің жігіттер үшін өте-өте маңызды. Сондықтан олардың үмітін ақтағым келеді. Мен біздің ең мықты жанкүйерлеріміз Қазақстанда, қазақтар деп үнемі айтып жүремін. Олар бізді жақсы көреді, сыйлайды. Сондықтан мен де өз тарапымнан оларды қуантқым келеді.

- Сіздер отыз жыл бойы үлкен сахнадан түспедіңіздер. Бірнеше дәуірдің көрермендері сізді сүйіп тыңдады. Замандастарыңыз баяғыда ел жадынан ұмытылып қалған кезде "А-студио" өзектілігін жоғалтпады. Сексенінші, тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдардың көрерменін көрдіңіздер. Сіздің ойыңызша, олар бір-бірінен несімен еркешеленеді?

А студио

Фото: "А-Студио" тобының Алматыдағы баспасөз-конференциясынан

Байғали Серкебаев: Өте қызықты, айрықша сұрақ. Бұған дейін маған ешкім бұл сұрақты қоймапты. Білесіз бе, жауап беру де өте қиын болып тұр. Бірақ, менің ойымша, айтарлықтай өзгеріс көрмедім. Ұрпақ көз алдымызда ауысып, сабақтасып кете береді.

Әлем де өзгеріс үстінде. Мәселен, тоқсаныншы жылдардың көрермені концертке келіп, тек тыңдап, ләззат алып кететін. Ал қазір тыңдарман концертке телефонмен келіп, телефонмен кетеді. Концерт бойы қолдарында телефонмен отырады. Бізді, өздерін, болсын-болмасын түсіре береді.

Бір жақсы жағы - телефонның жарығын түсіріп, кішкене көңілді көтереді. Қазір бүкіл әлем мобильді телефонның құлына айналған. Оның жақсы да, жаман да жағы бар.

- Қазақстандық шоу бизнестің жай-күйі турасында сөз қозғағым келіп отыр. Кәсіби музыкант ретінде отандық шоу-бизнестің әлеуетіне қандай баға берер едіңіз?

Байғали: Қазақстанда ресейлік нарықты бағындырып, өздерін дәлелдеп жүрген кәсіби музыканттар шығып жатқанына өте қуанып жатырмын. Мықты-мықты қазақ рэперлері бар. Бұл сала бойынша үлкен жетістікке жетіп жатыр. Jah Khalib-ті білесіздер. Қайда барсам да, маған оның альбомын көрсетіп, міне, сенің отандасың, маған ұнайды деп мақтайды. Мен де "менің жерлесім" деп мақтанып, марқайып жүремін. Менің елімде, менің жерімде осындай мықты жастар шығып жатқанына қуаныштымын. Мен білмейтін өзге де балалар бар екенін білемін. Жуырда интернеттен тағы бір қазақ битмейкерінің өнерін көріп, тәнті болдым. Өте қарапйым бала, бірақ істеген ісі қыруар.

- Димаш Құдайбергенді білесіз бе?

- Мен оны жеке танымаймын, бірақ тыңдадым. Оның дауысы өте айрықша, керемет.

- Кети, қазақстандық шоу бизнес өкілдерінен кімдермен жақын араласасыз?

Кети: Ділназбен жақсы қарым-қатынастам. Бірақ көп болды оны көрмегелі. Онымен хабарласып қою керек екен (күледі). Шоу бизнесте де достарым көп. Пахамен өте жақсы доспыз.

- "А-студио" қазақстандық әрі ресейлік топ болғандықтан, сіз отандық шоу бизнестің жай күйімен етене таныс боларсыздар деп ойлаймын. Біздегі той-бизнес деген түсінік туралы не айта аласыздар? Өзгенің іс-шарасында ән айтып, ақша табу тенденциясы әншілердің музыкалық деңгейіне қаншалықты әсер етеді?

Кети: Менің ойымша жоқ, әсер етпейді. Себебі ондай бізде де бар. Олар өте қымбат баға ұсынады. Екінші жағынан әрине көп уақыт алады. Мәселен, концерттердің санына, дайындыққа әсер етуі мүмкін. Бірақ оның артықтығы жоқ деп ойлаймын. Шығармашылыққа еш әсер етпейді.

Байғали: Тойдан материалды тұрғыдан өзімізді қанағаттандырсақ, концерттен рухани азық табамыз. Біз музыканы жазғанды оны қандай да бір шараға арнап жазбаймыз. Мейлі ол алаңда айтылса да, тойда айтылса да, далада айтылса да - бізге бәрібір. Тыңдар құлақ болса, болды.

А студио

Фото: "А-Студио" тобының Алматыдағы баспасөз-конференциясынан

- Былтыр дәл осы уақытта Батырхан Шүкеновті еске алу кеші оның туған жері Қызылорда қаласында болып өтті. Алайда отандық БАҚ-тың көбі сіздердің кешке келмегендеріңізді жарыса жазды.

Байғали: Шын мәнінде, бізді ешкім шақырған жоқ шығар. Биыл да мұндай кеш өткізу ойда бар екенін білемін. Бірақ қашан, қайда өтетіні әлі белгісіз.

Кети: Бізде үнемі осылай болады. Мәселен, біреу өмірден озса, осындай еске алу кештері болады. Елдің бәрі мұндай кешті біздің жігіттер жасап жатыр деп ойлайды. Шын мәнінде ұйымдастырушылардың кім екені белгісіз. Егер мұндай концертті біз өткізсек, оның өте сапалы болғанын қалаймыз. Әлі оны өте араға уақыт салып жасар едік. Қайта-қайта жасап қадірін кетірмес едік. Меніңше, егер саны көп, сапасы жоқ мұндай кештер қаптап кетсе, ол - құрметсіздік. Себебі жасаған соң кереметтей етіп жасаған жөн.

Байғали: Біз Алматыдағы, Мәскеудегі үлкен-үлкен еске алу кештеріне келіп, өнер көрсеттік. Әлі де қолдау көрсетеміз.

- Отыз жыл ішінде "А-студио" тобының солистері бірнеше рет өзгерді. Болашақта топ құрамы өзгеруі мүмкін бе?

Байғали: Бұл мүмкін емес! Бұл қызымызды ешкімге алмастыра алмаймыз.

Еске салсақ, әйгілі "А-Студио" тобының Алматыдағы концертін танымал отандық журналист Дана Орманбаеваның Dpartners компаниясы ұйымдастырып отыр.

Ескерту: Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
2
4
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір