RU
Ақтөбелік тұрғын Қадыровтан Кенесарының басын қайтаруға көмек сұрап отыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік тұрғын Қадыровтан Кенесарының басын қайтаруға көмек сұрап отыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік жігіт Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа арнап видеожолдау түсірген. Ол қазақтың әйгілі ханы Кенесары Қасымовтың сүйегін қайтаруға көмек сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz

Коллаж: nur.kz

Видео YouTube желісіндегі Double Q каналында жарияланған. Ермек атты азамат Қадыровқа қазақ батырының Снкт-Петербург мұражайында тұрған сүйегін қайтаруға көмек көрсетуін сұрады.

"1837 жылы ол ұлттық-азаттық қозғалысын басқарды. Сіздің әкеңіз сияқты өз ұлтының еркіндігі үшін күресті. Оның басын шауып тастағаннан бері біз тыныш ұйықтай алмаймыз.

Кенесары Қасымұлының сүйегін қайтару туралы өтініш бірнеше рет жасалды. Бірақ оның басын соғыс олжасы ретінде сақтап қалу үшін түрлі себептер тауып отыр", - дейді ол.

Сондай-ақ, жігіт Рамазан Қадыровтан егер Путинмен кездесу сәті түссе, бір өтінішін жеткізсе деген тілек айтты.

"Сіз сөзінде тұратын адам екеніңізді білемін. Сондықтан, егер Путинмен кездесіп жатсаңыз, оған ханымыздың бас сүйегін Қазақстанға қайтаруын сұраңызшы... Өлген адамның сүйегін мұражайда жәдігер ретінде сақтау дұрыс емес. Бұл - күпірлік. Егер батырдың басын елімізге қайтаруға көмектессеңіз біз үшін үлкен мәртебе болар еді", - дейді ақтөбелік азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
71
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel