RU
Алматыда жоғалған 21 жастағы жігітті Тұрсынғали Алагөзов те іздеуге кірісті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалған 21 жастағы жігітті Тұрсынғали Алагөзов те іздеуге кірісті

Рассказать Вконтакте

Алматыда 21 жастағы Айдар Ибадуллаев жоғалып кетті. Бірнеше күн бұрын хабарсыз кеткен азаматты іздеуге Тұрсынғали Алагөзов қолғабыс етуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Айдар. Фото: ВК

Айдар. Фото: ВК

23 сәуір күні із-түзсіз жоғалған азаматты соңғы рет ГРЭС маңынан көргендер табылған. Жас жігіттің жоғалғаны туралы хабарламаны бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов Instagram парақшасында жария етті.

"Айдар, үйіңе оралуыңды сұраймын. Себебі, сені жылы үйіңде күтіп отырғандар бар, не болса да ата-анаңа асық. Олар кез-келген сәтте сенімен таңғы асты ішпеуі, тіпті бұл өмірден табылмай қалуы мүмкін. Барлық жамандықты артта қалдыр. Кей кездері екіжүзділік танытуға әлемнің өзі мәжбүрлейді, жағдай мәжбүрлейді... қайтып орал", - деп жазған Алагөзов.

Айдардың ерекше белгілері: Орта бойлы, арықша келген азамат. Ақ жейде мен джинсы киген. Телефоны мен көлігін үйде қалдырған азамат белгісіз бағытта кетіп қалған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір