RU
Тоқалым болшы: 22 жастағы ару өзіне сезім білдірген танымал азамат жайлы жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Тоқалым болшы: 22 жастағы ару өзіне сезім білдірген танымал азамат жайлы жайып салды

Рассказать Вконтакте

22 жастағы бойжеткен өзіне сезім білдірген беделді азамат жайлы баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ivona - bigmir)net

Фото: Ivona - bigmir)net

"Әлеуметтік желіде 30-дан енді асқан бір азаматпен сөйлесе бастадым. Ойы орамды, сөзі жүйелі азаматпен кім сөйлескенді ұнатпасын? Тіпті телеарналардан сұхбат беріп жүреді. Шығармашылықтың адамы екені көрініп тұр. Содан нөмерімді сұрады. Асығыстық танытпайын деп, бермедім. Алайда, желіде күндіз-түні сөйлесетін едік", - деп бастады әңгімесін ару.

"Бір күні ойландым. Осынша келбетті, ақылды азаматтың үйленбеуі мүмкін бе? Сөйтіп, әңгіме арасында "Екі әйел алуға көзқарасыңыз қалай?" деп сұрадым. Ол болса, Абай атамыздан бастап, түрлі мысалдар келтіріп, бұған қарсы емес екенін айтты. Содан-соң "Неге сұрадың?" деді. Ал мен "Әйеліңіз бар ғой" деп білетін кісіше сөйледім. Сол сәтте ол "Өзім айтамын деп жүр едім. Ренжімеші, ботам. Әйелім келісім береді. Менің екінші әйелім болшы. Қызым да бар. Бірақ, оларды тастай алмаймын. Тоқалым болуға келісші" деп қиылды", - деген бойжеткен қазір шешім қабылдай алмай жүргенін айтты.

Тіпті ол алып-ұшқан сезімінің су сепкендей басылып қалғанын да айтты.

"Әйеліңіз жас, әдемі. Сізге келісім беріп отыр. Бірақ, оның қандай күйде екенін мен түсінемін. Мені де ата-анам тоқал болсын деп тумады. Сізді сүйемін, бірақ әйеліңізді жылатпаңыз" деген ақыл айтып, ол кісіні желіден өшіріп тастадым. Ал ол әлі де менімен хабарласудың амалын іздеп, әлекке түсіп жүр", - деп ағынан жарылды 22 жастағы ару.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
1
3
6
3
23
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір