RU
БАҚ: ШҚО-да педагог жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: ШҚО-да педагог жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

ШҚО мектептерінің бірінде сұмдық жайт орын алды. Мектеп мұғалімі оқу ордасының қабырғасында босанып, оны дәретханаға тастап кеткен деп хабарлайды sn.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің бірінде педагог-психолог болып жұмыс істейтін мектеп мұғалімі босанып, сәбиін оқу ордасының әжетханасына тастап кеткен. Аталған ақпаратты мектеп директоры да растап отыр.

Басылымның жазуынша, оқиға 7 сәуір күні орын алған.

"Мектеп директорынан естідік, қылмыстық іс қозғалған болар. Бізде толыққанды ақпарат жоқ", - деп қысқа қайырды білім бөлімінің қызметкерлері.

Анасы әжетханаға тастап кеткен шақалақты аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Бала қайтыс боп кеткен. Мұғалім тұрмысқа шықпаған. Ол бізде педагог-психолог болып жұмыс істейді, шынын айтсам жақын танымаймын", - дейді мектеп басшылығы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
6
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel