RU
Жыныстық қатынас кезіндегі ең қолайсыз жағдайлар қандай?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жыныстық қатынас кезіндегі ең қолайсыз жағдайлар қандай?

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиялық ғалымдар әйелдер мен еркектердің интимдік қарым-қатынасы кирнодағыдай "әдемі" емес, біраз кемшіліктерден тұратынын анықтады. Бұл туралы pohnews.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: pohnews.org

Фото: pohnews.org

Зерттеушілер әйелдер мен ер азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Белгілі болғандай, әйелдер үшін ең қолайсыз жағдай - іштегі желдің шығуы екен. Олардың 58 пайызы жыныстық мүшеден шығатын жел үшін қатты ұялса, 37 пайызы етеккір кезінде өздерін ыңғайсыз сезінеді. Ал 21 пайызы төсектегі қатынас кезінде күлуді құптамайды және 9 пайызы төсек ойындарынан ұялатын болып шықты.

Ер азаматтар әйелдерге қарағанда сезімталдылығы төмен болғандықтан, көп нәрсені "ұятты" деп санамайтындарын айтқан. Дегенмен, жыныстық атынастан соң бірден ұйқыға кету, әйлдердің ләззат алу кезінде жылап жіберуі, сәтсіз әзілдер мен мерзімаінен бұрын шәует шығару өздеріне ыңғайсыздық тудыратынын жеткізген.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, жоғарыда аталған "қолайсыз жағдайлар" жыныстық қатынасқа түсетін жұптардың 75 пайызында кездеседі екен. Сондықтан ғалымдар оған аса мән бермей, әрбір сәттен ләззат алуға кеңес берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір