RU
Алматыда "КТК" арнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда "КТК" арнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда "КТК" арнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Олжас Белгібаев. Фото: Instagram

Олжас Белгібаев. Фото: Instagram

Жас жігіттің жоғалғаны жайында достары мен таныстары әлеуметтік парақшаларда бөлісуде. Instagram-ның kris_p_almaty парақшасында оның Алмагүл ауданында жоғалып кеткені жайлы мәлемет тарады.

"1988 жылы туылған досым жоғалды. Соңғы рет Алмагүл ауданында болған. Олжас жайлы білетін адамдар болса, 87756746331 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - деп жазды.

Ал Tengrinews.kz сайтының мәлімдеуінше Олжас Белгібаев "КТК" арнасында оператор болып жұмыс істейді екен. Ол бес күннен бері іздестіріліп жатыр.

Жігіттің әкесі қазір полицияға хабар бергенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
11
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel