RU
Жас жігітті қаққан ридерлік шендімен бірге көлікте Өскемен әкімі де болған
Жаңалықтар Қоғам

Жас жігітті қаққан ридерлік шендімен бірге көлікте Өскемен әкімі де болған

Рассказать Вконтакте

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мас күйде жас жігітті қағып кеткен Риддер қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тың ақпараттарды жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қуат Тұмабаев. фото: altaynews.kz

Қуат Тұмабаев. фото: altaynews.kz

Баспасөз қызметінің мамандары мәлімдегендей, 15 сәуір күні Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев өзінің "BMV X5" көлігімен Е.Смольниковты қағып кетіп, бозбала оқиға орнында қаза тапқан еді.

Сондай-ақ, бүгінде Бауыржан Құрманбаевтың Риддер қаласының тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болған.

Жол көлік оқиғасы орын алған уақытта көлікте Құрманбаевпен бірге Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаевтың болғаны анықталды. Ал бұған дейін БАҚ беттерінде "ол тек оқиға куәгері" деген ақпарат тарап келген еді.

Марқұмның әкесі болса белді шенеуніктердің тіпті өзін қорқытып жатқандығын айтып, жергілікті прокуратураға шағымданған еді.

Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты облыстық ІІД Қылмыстық кодекстің 370 және 362 баптың 4 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан көрінеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel