RU
Әуретті жерінен айырылған жігітке дәрігерлер жаңасын жалғап берді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Әуретті жерінен айырылған жігітке дәрігерлер жаңасын жалғап берді

Рассказать Вконтакте

АҚШ дәрігерлері соғыста әуретті жерінен айырылған азаматқа жаңа жыныс мүшесін жалғап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оташылар. Фото: Johns Hopkins Medicine

Оташылар. Фото: Johns Hopkins Medicine

Джонс Хопкинс университетінің оташылары мұндай отаны әлемде бірінші болып жасап шыққан.

Ота 26 науырзда жасалып, тоғыз дәрігер 14 сағат бойы ер адамға жаңа жыныс мүшесін жалғайды.

"Бұл жарақатты қабылдау қиын болды... Өмір бойына жалғыз болу маңдайыма жазылғандай көрінді. Тіпті өзімді еркек ретінде қабылдай алмадым", - дейді есімін жасыруды қалаған Ауғанстан соғысының ардагері.

Ер адам емханада оянғанда тірі қалғанына қуанған. Алайда кейін қандай жарақаттар алғанын түсінгенде өмір сүруге құлшынысы болмай қалады. Жарылыс кезінде азаматтың аяғымен қоса әуретті жерін жұлып әкеткен.

"Жыныс мүшесіне бола өзіме қол салғаным дұрыс болмайтынын түсіндім. Білім алып, медицина колледжін бітірдім. Алайда жеке өмірім реттелмеді", - дейді ол.

Ақыры дәрігерлер оған донор табылған жағдайда жаңа жыныс мүшесін жалғауға болатынын айтып, қуантады. Өзге штаттан табылған донордың әуретті жері ер адамға сәйкес келетін болып шықты.

"Біздің жақынымыз еліне қызмет еткен азаматқа көмектесе алғанын мақтан тұтамыз", - дейді қайтыс болған донордың жақындары.

Ер адам бастапқыда өзгенің әуретті жерін өзінікі секілді қабылдау қиынға соғады деген пікірде болған. Алайда жаңа жыныс мүшесіне тез үйренісіп кеткенін жасырмайды.

Енді ол ел қатарлы өмір сүріп, тіпті ұрпағын жалғастыра алу мүмкіндігіне ие болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
3
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel