RU
Байларға "бас иеді": астаналық келіншек фитнестегі жас қыздардың әрекетіне күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Байларға "бас иеді": астаналық келіншек фитнестегі жас қыздардың әрекетіне күйінді

Рассказать Вконтакте

Елордалық келіншек Астананың элиталық фитнес-клубтарының біріне жарты миллион теңге ақша беріп, бармақ тістеп қалдым дейді. Айтуынша, орталықтағы қызмет көрсету сапасы тым төмен көрінеді. Фитнес қызметкерлері байшыкештердің алдында құрдай жорғалап, олардан "бір саты төмен" жандарды көздеріне де ілмейді екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: коллаж NUR.KZ

Фото: коллаж NUR.KZ

Өзінің аты-жөнін жасырып қалуда жөн көрген астаналық келіншек бас шаһардың тұрмыс салтына қатысты бар шындықты жайып берді. Редакцияға хат жолдаған ол, "астаналық понтқа" ештеңе тең келмейді дейді.

"Астанадағы керемет деген, элиталық фитнес-клуб абонементін бақандай 500 мың теңгеге сатып алған едім. Алғаным не керек, клубтың қызмет көрсету сапасы сын көтермейтініне көзім жетті. Түсінгенім мұнда адамдар спортпен шұғылдану үшін емес, өзінің асқан бай екенін көрсету үшін келетін сияқты.
50-ден асқан еркектер қымбат әтір сеуіп, бағалы костюмді киіп, шыттай болып жүреді. Бастапқыда расымен осындай "тауық қораға" келгеніме өкініп қалдым. Бұл жерге жасы егде тартқан ерлердің жас қыз іздеп, ал қыздар ауқатты "ағашканы" айналдырып алу үшін келетінін түсінбеппін", - деп налыды келіншек.

Келіншек әсіресе менеджерлер мен ресепшнда жұмыс істейтін қызметкерлерге шүйліккен. Ал орталықтың фитнес-бапкерлері мен массажистері керісінше, өз ісінің мамандары дейді.

"Осыдан-ақ Астананың шын бет-бейнесін көруге болады деген ойдамын. Астанада өзіңе адамша қызмет көрсетсін десең, өзіңнің қаншалықты бай әрі ауқатты екеніңді барынша көрсетуің тиіс. Яғни, астаналық понтқа тең келер ештеңе жоқ. Ресепшнға келгенім сол еді, менен кейін тағы бір ер адам келе қалғаны. Әлгі респшнда тұрған қыз онымен менің көзімше қымсынбастан шүйіркелесіп, әңгімелесе жөнелді. Маған жақтыртпай қарап, "мен ештеңе білмеймін, бапкерлерден сұраңыз" дейді.
Түсінгенім мұндай әйел адамдарға суық қарап, осындай жасы үлкен еркектердің көңілінен шығуға тырысады екен. Әрине мұндай қыз-келіншектерді де түсінемін, олар да бай болғысы келеді. Сондықтан олар ауқатты болудың оңай жолын тапқан – бай-бағланның басын айналдырып, өз дегендеріне жететін көрінеді. Ал мына ер адамдар да қайтсін? Жастары келген соң, әйел атаулыны тым құрыса ақшасымен баурап алайын деп ойлайтын шығар?", - деп күйінді келіншек.

Әңгіме соңында ол "ақша үшін намысын жерге таптап, байлардың алдында бас иетін қыздар мен өмір бойы өзін бай қылып көрсеткісі келетін ерлерге жаны ашитынын" жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
11
1
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel