RU
Қатерлі ісікке қарсы тұрар химиялық қосынды табылды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қатерлі ісікке қарсы тұрар химиялық қосынды табылды

Рассказать Вконтакте

Жапониядағы физико-химиялық зерттеулермен айналысатын университет ғалымдары қатерлі ісікті емдеудегі жаңа әдісті анықтады. Олар жүргізген зерттеулері нәтижесінде А витаминының негізінде болатын химиялық қосындылар қатерлі ісіктің аса ауыр түрін жеңуге қауқарлы екенін дәлелдеді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Мамандар анықтаған химиялық қосындының ғылыми атауы "ацикликалық ретиноид". Ол ісіктің болуына себепкер бауыр жасушасындағы зиянды геннді басып тастайды.

Зерттеу нйтижесінде бұл "MYCN" генінің белсенділігі бәсеңдеген сайын, қатерлі ісікке шалдығу қаупі азая түсетіні расталды.

Ғалымдар химиялық отадан кейін ацикликалық ретиноидті қабылдаған қатерлі ісікке шалдыққандардан арнайы анализ алған. Бұл зерттеу жұмыстары өз жемісін берді. Ауыр дерттің жетілуіне себепкер геннің азайғаны бірден байқалды.

Енді мамандар бұл химиялық қосындыны ауруханалар тәжірибесіне енгізіп, оны одан бетер жетілдіре түсудің амалдарын іздестірмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel