RU
Аты аңызға айналған Самат Смақовтың төртінші сәбиі дүниеге келді
Жаңалықтар Спорт

Аты аңызға айналған Самат Смақовтың төртінші сәбиі дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал футболшы Самат Смақовтың отбасында төртінші сәби дүниеге келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Самат Смақов. Фото: Түркістан

Самат Смақов. Фото: Түркістан

Бұл жайында футболшының өзі Instagram парақшасында жариялады.

"Ұл сыйлағаны үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Менің өмірім, менің махаббатым, алдыңда бас иемін. Сүйемін, құрметтеймін, бағалаймын", – деді Самат.

Ал желі қолданушылары Смақовты жарыса құттықтады.

"Баланың бауы берік болсын", "Бақыт, денсаулық, табыс тілейміз", "Балаларыз аман болсын" деп жарыса жазды оқырмандар.

Еске сала кетейік, жыл басында Самат Смақов "Ақтөбе" футбол командасының бас директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір