RU
Күйеуінен жасырынып темекі шегетін өскемендік келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінен жасырынып темекі шегетін өскемендік келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Өскемендік келіншек әлі күнге дейін темекіні тастай алмай жүргенін айтып, мұңымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Ол зиянды әдетті студент кезінен бастаған.

"Жас күнімде еліктеушілікпен темекі шегіп бастадым. Ал қазір тастай алмай жүрмін. Бірақ, темекіні қолданбасам, қатты қиналып қаламын. Осылай арпалысып келе жатқаныма жеті жылдан асты", - деген келіншек дертіне ем таппай жүр.

Ол тіпті бірнеше емнің түрін де жасап көріпті.

"Маған емшіге бар деп те кеңес берді. Дәрі де ішіп көрдім. Болар емес. Күйеуім бұл әдетімді білмейді. Ол жоқ сәтте жасырынып, пайдаланамын. Бір күні біліп қойса, не істерімді білмеймін", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
4
2
4
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel