RU
ОҚО-да 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған жасөспірім ақталып шықты
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған жасөспірім ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте осымен кәмелетке толмаған жасөспірімді ақтап шығару оқиғасы екі мәрте қайталанып отыр. Бұл жолы ОҚО аумағындағы елді-мекеннің 15 жастағы тұрғыны өзінен кіші баланы жыныстық қатынасқа итермеледі деп айыпталып, артынша кінәсіз болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Зардап шеккен жақ өкілдері 10 жасар баланы өзінің көршісі екі жыл бойы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деп айып тағып отыр.

Өткен жылдың желтоқсанында, ОҚО арнайы мамандандырылған аудандық қылмыстық соты 15 жастағы күдіктіні толығымен ақтап шығарған болатын.

Алайда, бір айдан кейін облыстық соттың аппеляция бөлімі үкімді жоққа шығарып, істі қайтадан қылмыстық сот қарауына жөнелтті.

Екінші сот отырысында да алғашқысындағыдай жағдай қайталанды. Сот төрелігі күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқтығына орай, жасөспірімді екінші мәрте ақтап шығарды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір