Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі үшін 10 жыл бойы ер бала болып жүрген ауған қызы әлем назарына ілікті

Опубликовано:

Ауғанстандағы Нангархар провинциясының тұрғыны Ситара Вафадар ата-анасының талабы бойынша он жыл ер бала келбетінде жүріп, өзінің жынысын жасыруға мәжбүр болған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

18 жастағы бойжеткеннің бес сіңлісі бар. Отбасында кілең қыз балалар болғандықтан, Ситараның әкесі оны "бача-пошқа" айналдырып жіберуді ұйғарған.

Ауған елінде бұл атаумен ұл бала сияқты киініп, ер адам қызметтерін атқаратын қыздарды айтады.

Қыз бала үй жинап, тамақ әзірлеумен мүлдем айналыспаған. Ол сегіз жасынан бастап әкесімен кірпіш зауытында аса ауыр жұмыс істеген. Қыз бала еркектер деңгейінде аптасына алты күн еңбектеніп, әкесінің басшы алдындағы қарызын өтеу үшін жанын салған.

"Мен өзімді ешқашан қыз баласы деп санамаймын. Зауыттағы әріптестерімнің барлығы мені ер бала деп ойлайды. Мені ұрлап кетпес үшін мен өз жынысымды жасыруға мәжбүрмін" , - деп айтты бойжеткен.

Ұлттық дәстүрлерге байланысты қыздар неке жасына толғаннан кейін "бача-пош" қызметінен бас тартуға құқылы. Алайда Ситара өзінің 13 жасар сіңлісін өз өмірін сүрмеуі үшін осы қалыпта қала бермек.

"Бача-пош" дәстүрі Ауғанстан мен Пәкістанда кең таралған. Бұл салт отбасында ұл баласы жоқ ел тұрғындарына қоғамдық қысымнан айырылу үшін елеулі көмек береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728702-kesi-sin-10-zyl-bojy-er-bala-bolyp-zrgen-augan-kyzy-lem-nazaryna-ilikti/

pixel