RU
Павлодарда шетел азаматын өлтірген қыздар бір-біріне "ғашық" болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда шетел азаматын өлтірген қыздар бір-біріне "ғашық" болып шықты

Рассказать Вконтакте

Германия азаматын жантүршігерлік жағдайда өлтірген 19 жастағы павлодарлық қыздарға сот үкімі кесілді. Қызғаныш кесірінен ер жігіттің өмірін қыршынынан қиған қылмыскерлер 16 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Времяға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Екібастұзда туып өскен ер жігіт 2012 жылы Павлодар облысындағы бойжеткенмен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Араға бір жыл салып, жігіт отбасымен бірге Германияға көшіп кетіпті.

Алайда павлодарлық бойжеткенмен қарым-қатынас үзілмеген.

2017 жылы ер жігіт туыстарын көрмек болып, Екібастұзға қайта келген. Одан кейін Павлодарға аттанып, желіде танысқан қызбен кездеспек болады.

10 қазан күні олар ақыры табысып, жалға пәтер алған. Әңгіме барысында бойжеткенге жыныстық қатынас ұсынған ер адам бірден "жоқ" деген жауап алады. Қыз бала өзге бойжеткенге ғашық болып шыққан.

Пәтерден кетіп қалған"желіде танысқан ару" өз сүйіктісіне барып бар шындықты жайып салады. Ер азаматты жазаламақ болған ол ғашығымен бірге оған тұзақ құрған.

Ертесіне бойжеткен жігітке хабарласып, төсектес болуға дайын екенін айтады. Пәтерде желі арқылы ұнатып қалған қызды күткен ер азамат кіріп келген екі қызды көргенде таңғалған.

Олар кіре сала жігітке пышақ сұғып, арада үлкен арпалыс орын алады. Нәтижесінде өзін қорғамақ болмақ жігіт асханаға қашып үлгерген.

Алайда 19 жастағы қыздарды ештеңе де тоқтатпаса керек. Олар шетел азаматын өлтіріп тынады.

Қылмыстарын жасырып қалғысы келген қыздар марқұмның қанын сүртіп, бес мың еуроны да қоса ала кеткен.

Қылмыскерлерді тұрғын үйдегі бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.

Оқиғаға қатысты сот отырысы жабық түрде өтті. Оған қылмыскерлердің қалауы себеп болған. Олар өз араларында махаббат сезімінің барын жария еткісі келмепті.

Бойжеткендердің бірі кінәні өз мойнына алмақ болғанымен, сот екеуіне де 16 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
4
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel